Алматы перзентханасының директоры жұмыстан босатылды

Алматы перзентханасының директоры жұмыстан босатылды

Алматының перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры, белгілі дәрігер Эльмира Жақашева орнын босатқаны туралы Tengrinews.kz  тілшісіне перзентхана өкілдері мәлімдеді.

«Эльмира Жақашева қазір жұмыс істемейді. Жұмыстан шығарылды. Жаңа тағайындау болған жоқ», — дейді перзентхана қызметкері.

Алматылық әйелдер 2018 жылы ақпанда әлеуметтік желілерде пост жазып, Эльмира Жақашеваны орнынан босатпауын сұраған болатын. Жақашеваны басқа дәрігерлердің қателігі үшін жұмыстан босатқан дейді олар.  Ол кезде Алматының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері перзентхана директоры денсаулығына байланысты демалысқа шыққанын және жұмыстан босату болмағанын мәлімдеген еді.


Дереккөз: tengrinews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *