Жер күні жерімізді қорғайық!

Жер күні жерімізді қорғайық!

Бүгін Халықаралық Жер күні. БҰҰ мақұлдауымен жыл сайын аталып өтетін бұл күннің басты мақсаты адамзаттың ортақ үйі — Жер Ананы қорғау. 2009 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының  63-інші сессиясында Халықаралық Жер күні болып 22 сәуір бекітілді. Сол күннен бастап жыл сайын бұл күн Жер күні ретінде барлық елде аталып өтеді. Алғашқы рет АҚШ-да аталып өткен бұл мерекені қазір дүниежүзі бойынша тойлайды.

Ал Қазақстанда осы күнді соңғы жылдарда ғана атап өтуді қолға алып жатыр. Қазағымның кең байтақ жеріне көзін алартушылар көбейген сайын жерімізді олардан қорғау бізге парыз. Әсіресе көрші Кытай мемлекетіне жер сатылады дегенді естіп өре түрегеліп, оларға қарсы шыққаны xалқымыз үшін жеріміз қанша қымбат екенін аңғартқандай.

Жері жоқ ел болмасы анық. Жер — мемлекет болып тәуелсіз өмір сүрудің кепілі.

Ата бабамыз алақандай жерін жауға бермей бүгінгі ұрпаққа аманат қылып кетті. Найзаның ұшымен, білектің күшімен келген тәуелсіздігімізді, Отанымызды, Жерімізді қадірлей білейік, ағайын!

Жер туралы қызықты деректер:

  • 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болған жерді сіз экватор арқылы айналып шыққыңыз келсе, 40010 шақырымдай жолды жүріп өтесіз.
  • Жер бетінен оның өзегіне дейінгі қашықтық 6378 шақырымға тең.
  • Жер бетіндегі ең ыстық нүктелер — Калифорниядағы Ажал алқабы мен Ливиядағы Әл-Әзизия деп аталатын жерлер.
  • Жер бетіндегі ең биік шың – Эверест, ең тереңі – Мариан шұңғымасы. Тарихта Мариан шұңғымасында 2-ақ адам болып көрген.
  • Жердің қазіргі орналасу аймағы дәлме-дәл көрсеткіш. Егер жер Күннен сәл ғана алыс немесе жақын орналасқан кезде тіршіліктің өмір сүруі мүмкін емес еді.

jetinform.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *