Күнделікті су ішпеген кездегі біздің ағзамыздағы болатын өзгерістер

Күнделікті су ішпеген кездегі біздің ағзамыздағы болатын өзгерістер

Көктем келісімен көптеген адамдар белсенділік танытып спортпен шұғылдана бастайды. Біреуі сән үшін, ал біреуі денсаулығы үшін дегендей. Бізге тек дене жаттығуын жасап қана қоймай, күнделікті ішіп жейтін тағамымызға, әсіресе ішетін сұйықтығымызға көңіл бөлуіміз керек. Көптеген адам суды күнделікті белгілі мөлшерде тұтыну керек екенін білгенімен, суды ішкен соң ағзамыздағы болатын өзгерістерден бейхабар. Ал сіз күнде неше литр су ішесіз?

Адам денесінің көп бөлігі судан құралатынын, сұйықтықты көп ішу қажет екенін барлығымыз жақсы білеміз. Сондықтан да біз судың орнына шәй, шырын тағы басқа да сұйықтықпен орнын толтырамыз. Алайда мүлдем су ішпейтін немесе суды аз ішетін адамдарда кейбір аурудың алғашқы белгілері біліне бастайды екен.

  1. Адам ағзасы улана бастайды.

Дене шынықтыру кезінде ағзаңыз улы заттарды қан айналым, терлеу кезінде денеден бөліп шығарады. Алайда, қажетті сұйықтықты ішпей жатып, жаттығу жасап терлесеңіз, дененіздегі улы заттар толықтай шығуы екіталай. Жаттығу кезінде өзіңізге керек мөлшерде су ішуді әдетке айналдырыңыз!

  1. Денедегі майлардың ыдырауы баяулайды.

Кей адамдар жаттығу кезінде су ішпесем салмақ тез тастаймын деп ойлайды. Осылай ойлайтын болсаңыз сіз қатты қателесесіз, себебі ондай кезде адам салмағын емес сұйықтығын жоғалтады. Ағзаңызға судың жетіспеушілігінен денедегі майлар ерімей қан айналымына кедергі келтіреді.

  1. Беттегі әжімдерді көбейтеді.

Адам терісі суды көп мөлшерде қажет ететіндіктен оның мөлшері азайса, теріңіз құрғап әжімделе бастайды. Бірақ, суды уақытымен, мөлшерімен ішуді ұмытпаңыз!

  1. Көз айналасының ісуі.

Ең қызығы жаттығу кезінде азғантай сұйықтық ішсеңіз, сіздің денеңіз ісінуі мүмкін. Бұл дегеніміз сіздің ағзаңызға сұйықтық жетіспегендіктен энергияңыз көп кетіп жатыр деген сөз. Бұның кесірінен көздің айналасы ісіп, қараяды.

  1. Жүрекке салмақ түсіреді.

Суды аз ішудің тағы бір зияны қан қоюланып, қан тамырлар жіңішкереді. Осыдан болып жүрек жіңішкерген тамырмен қоюланған қанды денеге тарату үшін екі есе жұмыс жасай бастайды. Қан қысымның көтерілуі, тыныс алудың қиындауы сияқты жағымсыз әсерлер туындап, денсаулығыңызға қауіп төндіруі мүмкін.

  1. Су спорттық сусын ба?

Егер сіз аз уақытқа ғана жаттығу жасасаңыз кәдімгі су денеңіздің сұйықтық мөлшерін қалыпты ұстап тұра алады. Ал екі сағаттан ұзақ жаттығу жасасасаңыз, арнайы спорттық сусындарды қолданғаныңыз жөн. Өйткені, спорттық сусын қажетті сұйықтықпен ғана қамтамасыз етпей калий, магниймен қамтамасыз етуге көмектесетін дәрумендермен толықтырады. Жаттығу алдында неше сағат бұрын су ішу спорттық сусынға жатпайды.

  1. Тамақты шектен тыс жеу.

Біз қатты ашыққан кезде жоспарлағаннан да көп тамақ жеп қоямыз. Алдымен су ішіп сосын аздап тамақтансақ және бұны белгілі бір уақытымен, нормасымен жалғастырып отырсақ, салмағымызды қалыпты ұстай аламыз.

  1. Тез шаршаудың себебі….

Адам ағзасындағы сұйықтықтың 1-2 пайызын жоғалтса зейіні жан-жаққа шашырап, тез шаршайды. Зардабынан үнемі стрессте жүріп, көңіл күйіңіз бен мінезіңіз тұрақсызданады.

Суды нормасымен тұтынсақ, біздің денемізге қаншама пайда әкелетін біле жүріңіздер!

 

Аударған: Айман Рамзия

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *