Сәуірдің 22 күні қайырымдылық марафондарына жататын аз ғана халықаралық марафондардың бірі — Алматы Марафоны болады

Сәуірдің 22 күні қайырымдылық марафондарына жататын аз ғана халықаралық марафондардың бірі — Алматы Марафоны болады

Алматы Марафоны – бұл жыл сайын өтетін халықаралық жүгіру жарысы, Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық іс-шара.

Өткізу күні: 22 сәуір 2018 жыл.

Бастау жарнасы:

Марафон (42 км 195 м) – 5000 теңге;
Жартылай марафон (21 км) – 4000 теңге;
10 км қашықтық – 4000 теңге;
Скандинавиялық жүріс — 4000 теңге;
Балалар қашықтығы — 3000 теңге;
Экиден (эстафета) – бір команда үшін 120 000 теңге.

Қашықтықтар:

Марафон (42 км 195 м) 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Жартылай марафон (21 км 97.5 м) 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
10 км қашықтық 15 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Скандинавиялық жүріс (10 км) 15 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін;
Балалар қашықтығы (3 км) 10 жастан 14 жасқа дейінгі қатысушылар үшін;
Экиден корпоративтік эстафетасы (42 км 195 м) 16 және одан жоғары жастағы 6 адамнан құралатын командалар үшін.

Бастау уақыты:

07:50 – Балалар қашықтығы (3 км)

08:10 – Дегдарлар (42 км 195 м)
08:10 – Марафон (42 км 195 м)

08:10 – Экиден (42 км 195 м)
08:10 – Жартылай марафон (21 км 97.5 м)
08:25 – 10 км қашықтық
08:25 – Скандинавиялық жүріс (10 км)

Бастау / аяқтау орны: Алматы қ., Республика алаңы.

Мәрешілердің барлығы Алматы Марафоны 2018 естелік медалімен марапатталады. Қатысушыларды тіркеу мерзімі 2018 ж. 1 қаңтардан басталып, 2018 ж. 10 сәуірде қатысушылар саны толған (14 000 адам) соң аяқталады.

Алматы Марафоны қайырымдылық марафондарға жататын аз ғана халықаралық марафондардың бірі болып табылады: қатысушылардың бастау жарналарынан алынған қаражаттар қайырымдылық мақсаттарға жіберіледі.

Сөре нөмірлері жоқ қатысушылар жарысқа қатыстырылмайды.

Сөре нөмірін 20 және 21 сәуір күндері сағат 10:00 бастап 21:00 сағатқа дейін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы Спорт Жәрмеңкесінен алуға болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіздің көшірмесі мен денсаулығыңыз туралы қолхат болу керек.

 

Дереккөз: https://www.almaty-marathon.k

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *