Жеңіс күніне Астанадағы ҰОС ардагері мен мүгедектеріне арнап бөлінген  қаржы көлемі қанша?

Жеңіс күніне Астанадағы ҰОС ардагері мен мүгедектеріне арнап бөлінген  қаржы көлемі қанша?

Елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі Ермек Оспанов 2018 жылы Астанада Ұлы Отан соғысының ардагерлері 551 мың 135 теңгеден көмек алатынын және Жеңіс күніне Астанадағы  95 ҰОС ардагері мен мүгедектеріне 350 мың теңгеден төлеу үшін жергілікті бюджеттен қосымша 33 миллион 250 мың теңге бөлу жоспарланған. Осылайша, бұл жобаны Астана мәслихаты мақұлдаған жағдайда, Астанадағы ардагерлер мен мүгедектер 511 мың 135 теңгеден алатынын мәлімдеді.

Мәслихат сесиясында Басқарма жетекшісі «Астана мәслихатының 2017 жылдың 12 желтоқсанында бекітілген көмекке зәру азаматтардың белгілі санатына әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне сәйкес, 9 мамырға ҰОС аргерлері мен мүгедектеріне 67 АЕК, 161 мың 135 теңге әлеуметтік көмек ретінде беріледі», — дейді.

«Бұл төлемдер 1 мамырға дейін жасалады. Қалалық мәслихат депутаттары бұл жобаны мақұлдап отыр. Мәслихат шешімі күшіне енген соң, барлығының денсаулық жағдайын тағы бір тексеріп шығамыз, бұл екі-үш сағаттың жұмысы. Ақша тек ардагерлердің атындағы карталарға аударылады», — деп түсіндірді басқарма басшысы.  Өткен жылы 9 мамырда Астанада 163 ардагер болса, биыл олардан қалғаны 95 ғана екен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *