Мектеп директорлары мен білім беру саласының жауапты тұлғалары заңсыз ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылады

Мектеп директорлары мен білім беру саласының жауапты тұлғалары заңсыз ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылады

Аймақтағы білім беру саласы басшыларымен өткен жиналыста Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев: «Жақында кезекті оқу жылы аяқталады. Әр жыл сайын соңғы қоңырау салтанатын ұйымдастыру тақырыбы көтеріледі. Әрине, кез келген ата-ана, оқушылар да бұл мерекелі күнді жоғары деңгейде өткізгісі келетінін түсінеміз. Тіпті кейбір ата-аналар осы шараларды өткізуге несие алады екен, — деді.
«Салтанатты шараны қарапайым түрде өткізуге де болады. Одан еш нәрсе маңызы жойлып кетпейді. Ата-аналарына өкпелеп жататын кейбір балаларға осыны дұрыстап түсіндіру керек. «Мұғалімдерге сыйлық сатып алудың қажеттілігі жоқ. Қайта мұғалімдер мен мектеп басшылары оқушылармен, ата-аналармен әңгімелесулері тиіс, — деп есептейді аймақ басшысы.
«Әрине, бұл дәстүр бұрыннан бар, бірақ барлық отбасының әлеуметтік жағдайы бірдей емес. Біз мектеппен қоштасу — өмір жолының бастауы екенін түсіндіруіміз керек. Алда мектеп түлектерін аз қиындық күтіп тұрған жоқ. Міне, осы жайлы ойланған жөн. Алдымен балаларымыздың қауіпсіздігіне мән берейік. Облыс әкімі білім беру саласы басшыларына оқу бөлмелерінің жөндеуіне ақша жинауға қатысты жауапкершілік алатындарын ескертті. Жергілікті бюджетте бұл мақсатқа қаралған қаражат жеткілікті. «Жыл сайын мектептердің ағымдағы жөндеуіне қаржы бөліп келеміз, өткен жылы осы мақсатқа 116 млн теңге бөлінсе, биыл 135 млн теңге. Қаражат әр оқу орнына жеке жіберілетіктен ата-аналардан ақша жинауға қажеттілік жоқ, мектеп директорлары мен білім беру саласының жауапты тұлғалары заңсыз ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылады, — деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *