Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Суық циклонның атмосфералық фронттары Қазақстанға ығысып келу әсерінен батыста, содан кейін солтүстікте және 23 сәуірде республиканың шығыс аудандарында жаңбыр болады деп болжануда.

Оңтүстік облыстарда найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соқса, солтүстік облыстарда жаңбыр, кей уақытта қар аралас жаңбыр мен тұман түседі.

21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Сондықтан ол жаққа дабылды ескерту жарияланды.

Ал Петропавл қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *