Әйелдің естілігі жеңсе – сұлулығы да арта түседі

Әйелдің естілігі жеңсе – сұлулығы да арта түседі

Асыл болса алған жар – ханым емей немене,

Жайлы болса мінезі – жаның емей немене.

Би-шешендер

Жаман әйел ер қадірін білмес.

Майқы би

Жетесіз жігіт – ел қадірін білмес, некесіз әйел — ер қадірін білмес.

Майқы би

Жақсы әйел ұл туса – патшадан болмас кемдігі.

Бұқар Қалқаманұлы

Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын,

Сол болар басқалардан жақын кісің.

Ағайынға, туысқа қайырылса,

Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.

Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,

Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын)

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның – тойы үйінде.

Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын)

Пайдасы жоққа жалынсаң –

Семіз бір жемқор малмен тең,

Жақсы әйел алсаңыз –

Алладан жауған нұрмен тең.

Тілеуке Құлекеұлы (Шал ақын)

Адамның жан жолдасы – сүйген жары.

Жанақ Сағындықұлы

Жақсы әйел – жігіттің кесектен соққан кентіндей,

Сары майға былғаған алуа, шекер, жентіндей.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаман әйел – жігіттің

Тайдырады табанын,

Тар қылады заманын;

Жақсы әйел – жігіттің

Жақсы қылар жаманын,

Ұшқыр қылар шабанын.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды.

Абай Құнанбаев

Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы, үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ғабит Мүсірепов

Әйел асқақтаса – жылайды, еркек асқақтаса – құлайды.

Ғабит Мүсірепов

Әйелдің естілігі жеңсе – сұлулығы да арта түседі.

Ғабит Мүсірепов

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *