Деніңіз сау болып, ұзақ ғұмыр сүруді қаласаңыз……..

Деніңіз сау болып, ұзақ ғұмыр сүруді қаласаңыз……..

Сізді жасыңыздан әлдеқайда жас көрсетіп қана қоймай, көңіл-күйіңізді де тұрақты ұстауға көмектесетін кеңеспен бөліскенді жөн көрдім. Деніңіз сау болып, ұзақ ғұмыр сүруді қаласаңыз, ол  үшін көп еңбек қажет екенін ұмытпағаныңыз жөн. Олай болса асықпай отырып, оқып шығыңыз да, қажетті деген жерін қағазға түртіп алып, күнделікті өмірде қолдануды әдетке айналдырыңыз!

Бірінші кеңес: Ешқашан тойып тамақ жемеңіз! Күнделікті 2.500 калорий болса сол сіздің ағзаңызға жеткілікті. Ішкі организмге салмақты аз түсіріп, белсенділікті арттыру керек. Ағзамыз жаңарған сайын, ауруға бейім болып тұрады. Сондықтан денемізді әрдайым таза ұстап, ұқыпты қарауымыз қажет.

Екінші кеңес: Күндізгі тамақ режимі сіздің жасыңызға сай болуы тиіс. Мысалы, 30 жастағы әйел сиыр бауыры мен жаңғақ жейтін болса, бетіне алғашқы әжім басқа әйелдерге қарағанда кеш пайда болады. Ал 40-тан асқан әйелдерге бетакорин аса қажет болса, 50 жастан асқандар үшін сүйекті бекемдейтін кальций, ал жүрек ауруынан магний сақтай алады. 40-тан асқан еркектер үшін малдың бүйрегі, ірімшіктің құрамында болатын селен өте қажет болса, 50-жастан кейін балық көбірек жесе жүрек қан тамырлар ауруын әжептәуір төмендетеді. Сол себебті, жасыңызға сай тамақтануды қазірден бастап қолға алғаныңыз дұрыс.

Үшінші кеңес: Өзіңізге ұнайтын жұмысты істеу ұзақ өмір сүрудің бір құпиясы десек те болады. Себебі, сіз өз жұмысыңыздан рухани ләззат ала отырып, шаршауыңызды ұмытасыз. Психологтардың айтуы бойынша, істеген жұмысына риза адамдар басқа өз қатарластарынан әлдеқайда жас көрінеді дейді. Шын ниетіңізбен істемеген жұмыс бастығыңызға ұнамақ түгіл, өзіңіздің де көңіліңізден шықпайтынын есте ұстаңыз! Жұмысым ауыр, басшылық тапсырманы үйіп-төгіп береді деп өзіңізді алдағанша неге сүйікті ісіңізбен жұмыс бастап, оны кәсіпке айналдырмасқа.

Төртінші кеңес:  Егер мүмкіндік болса, жалғызсырамаңыз! Өзіңізге лайықты адамды тауып алуға әрекет жасау керек. Махаббат пен сүйіспеншілік, мейрімділік, бір-біріне көңіл бөлу қартаюдың алдын алатын таза магия құралы бола алады. Адамдар өзінің жақсы көретін, сүйетін адамымен кездескен кезде қуаныш шаттықтың гормоны эндорфин өте көп мөлшерде бөлініп шығады екен. Бұл гормон адам денесінің қорғаушысы болып, ауру-сырқаудан сақтап тұрады.

Бесінші кеңес: Өмір ағынына қарсы шығудан ешқашан қорықпаңыз! Өмір жайлы өз ойыңызды қалыптастырыңыз! Өз-өзін түсінетін адам депрессияға аз ұшырайды және үнемі жақсы көңіл күймен өмір сүруды біледі.

Алтыншы кеңес: Мүмкіндігінше көп қозғалу керек. Күнде 8 минут денеңізді шыңықтырып тұрсаңыз, өміріңізді бір сағатқа ұзартып жатсыз деген сөз. Қозғалыста болғаннан соң 30 жасымызда тоқтап қалатын өсіру гормонын бостандыққа жібересіз. Бұдан басқа тыныс алу, жүрек қан тамырлары, бұлшық еттердің жұмысын жақсартатын гимнастикаларды жасап тұрғанымыз дұрыс екенін сіз аз уақыттан соң денеңізде болатын өзгерістерден-ақ біле бастайсыз.

Жетінші кеңес: Желдетілген таза бөлмеде ұйықтаңыз! Ғалымдар 17-18 градус температурада ұйықтау адам денсаулығына айтарлықтай жақсы әсер ететінін дәлелдеген.

Тоғызыншы кеңес: Әр нәрсеге ашуланып, ұсақ-түйек іс үшін жақындарыңызбен ренжісуден аулақ болыңыз! Өзіне үнемі шағым айтып, көңілі толмай жүретін адам соңында ұрысқақ адамға айналып, айналасындағы адамдарына жағымсыз әсер қалдырады. Бұл дегеніміз сіз өзіңізді ауруға бейімдеп берді дегенмен бірдей. Сондықтан үнемі болмаса да жиі күлімдеп, айналаңызға шуағыңызды шашып жүріңіз!

Оныншы кеңес: Әрдайым ізденісте болып, оқуды тоқтатпаңыз! Өзіңізді мәжбүрлеп оқытудан дым шықпайды. Жаныңызға жақын іспен айналысу сізге ләззат сыйлап ғана қоймай, рухани азық болады. Сіз қаласаңыз ғана жетістікке жетудің жолы ашылады. Өмірімді түбегейлі өзгерткім келеді деп айтқаныңызбен, ол үшін саусағыңызды да қымилдатпай отыра берсеңіз, біреу келіп өміріңізді өзгертпесі анық.

Қысқа да нұсқа бұл кеңесіміз сіздің қажетіңізге жарасын! Іске сәт!

Монгол тілінен аударған: Рамзия Айман

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *